«Сәтті коммуникацияның вервалды және вербалды емес технологиялары»

29.11.2017 жылы сағат 13.00-де халықаралық қатынастар факультетінің 106 аудиториясында философия және саясаттану факультеті, психология бөлімінің 4 курс студенттерімен «Сәтті коммуникацияның вервалды және вербалды емес технологиялары» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді.

Ұйымдастырушы жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры С.К. Бердібаева.

Тәрбиелік іс-шара «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында өткізілді. Профессор Бердібаева С.Қ. студенттерге сәтті коммуникацияның психологиялық табиғатын және оның вервалды және вербалды емес технологиялары туралы баяндап берді. Қарым-қатынастағы сәтті коммуникация тұлғалық дамудың негізі болып табылады. Сәтті коммуникацияға ұтымды түсе білудің бір кепілі вербалды қарым-қатынасты қадағалай білу.

Ең маңыздысы, тыңдаушының назарын өзіңізге аудара білу қабілеттілігі, сонымен қатар, коммуникация барысында вербалды емес технологияларды меңгеру, қолдана білу психолог маманның кәсіби қарым-қатынасының негізін құрайтыны туралы студенттермен пікірлесу аясында талданды.

Тәрбиелік іс-шара барысында студенттерге сәтті коммунакияның негізін құрайтын вербальды емес коммуникация технологиялары атты арнайы слайдтар мен видеолар көрсетілді. Психологиялық тәрбиелік іс-шара өте қызықты және мазмұнды өтті.

Басылым күні :  03.12.2017