ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА-2017

АҚПАРАТ ХАТ

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА-2017

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2017 жылдың наурыз айының 29-30 аралығында жоғары оқу орындары арасындағы психология бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтетіні туралы хабарлайды.

Мекен-жайы:  Алматы қаласы,  Масаншы к-сі 39/47, әл-Фараби атындағы философия және саясаттану факультетінің ғимаратында өтеді (тіркелу сағ.9.00, басталуы 10.00, 316 ауд.)

Олимпидаға қатысуға Қазақстанның ЖОО «5В050300 -  Психология» мамандығы бойынша, психология пәнінен жоғары оқу орындарының арасындағы (бірінші кезең) пәндік олимпиаданың жеңімпаз 2-4 курс студенттері шақырылады. Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде өтеді.

Қатысушылар өздерімен бірге мына құжаттарды алып келуі тиіс: олимпиаданың бірінші қорытындысы жөнінде ректордың (проректордың) хаты немесе Ғылыми кеңестің шешімінің хаттамасы. 

Олимпиадаға қатысушылардың жол шығыны мен тұратын жері жіберуші тараптан  жүргізіледі.

Ескерту! Олимпиада тек индивидуалды түрде өтеді! (топтық қатысу қарастырылмаған және бағаланбайды).

ЖОО арасындағы олимпиаданың (екінші) кезеңі екі кезеңнен тұрады:

1-тур. Жазбаша тапсырмаларды орындау (тесттер, есептер және т.б.). Бірінші кезеңнің нәтижесі бойынша 15-20 ең үздік қатысушылар екінші кезеңге қатысуға жіберіледі

2-тур. Ғылыми жобаны (зерттеулерін) презентациялау және қорғау.

Зерттеу тақырыбының жалпы бағыты – « ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ, ЖАСТАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ». Басқа тақырыптар бойынша жұмыстар қарастырылмайды. 

 Қатысушы ғылыми жобаны көрсетіп (жұмыстың көлемі 20-50 бет А-4) және комиссия отырысында қорғауы тиіс.  Ғылыми жобанының мазмұны мен рәсімделуі  дипломдық жұмыстың талаптарына сәйкес болуы керек.

Республикалық олимпиаданың 1, 2, 3 орын алған жүлдегерлері білім Министрлігі және Қазақстан Республикасының I, II, III  дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Жалпы қорытынды бойынша ең үздік ЖОО командасы таңдалады.

Пәндік олимпиаданың аясында қатысушылар үшін Қазақстанның жетекші психологтары мен жұмыс берушілерден мастер-кластар өтеді:

 Айдарбеков Кайрат -  психология ғылымдарының кандидаты, нарративті практик, коуч ТОО «Ambition International Business Qualification».  Мастер-кластың атауы: «Классические направления и современные модели психотерапии - в чем разница?».

Логинова  Мария - психологии магистрі,  Психологтардың кәсіби Лигасының және мамандықтарға көмектесетін психологтардың президенті, арт-терапии және метафоралық ассоциативті карталар саласының маманы. Мастер-кластың атауы: «Практика применения метафорических ассоциативных карт в работе психолога». 

Смирнова Жанат – психология ғылымдарының кандидаты, "Жануям" отбасылық даму орталығының психолог-кеңес берушісі, специалист в области экзистенциальды терапия саласындағы маман. Мастер-кластың атауы: «Экзистенциальное направление в частной практике»

Олимпиадаға қатысуға өтініш (ЖОО 4 адамнан көп емес)  2017 жылдың  10 наурызына дейін жіберу қажет. Электронды мекен-жай: Sadyкоva.n@gmail.com, b.alyiya71@gmail.com, «ПСИХОЛОГИЯ БОЙЫНША ОЛИМПИАДАҒА ТАПСЫРЫС» тақырыбын таңдайды.

 

ФАӘ

Курс

Қаз/орыс тілі

 

 

 

 

 

"Психология" мамандығы бойынша олимпиаданың өткізілуіне жауаптылар: Садыкова Н.М. Болтаева А.М.

Анықтама тел.: 7(727) 292-57-17 (ішкі 2131), 8- 7055757137, 8- 7072261007, е-mail: Sadyкоva.n@gmail.com,  b.alyiya71@gmail.com 

Басылым күні :  10.03.2017