«Салаутты өмір салты» жобасы аясында

2016 жылдың 3 желтоқсанында сағ 10:00 де «Салаутты өмір салты» жобасы аясында жалпы және қолданбалы психология кафедрасының оқытшылары Баймолдина Л.О., Кудайбергенова С.К. Мадалиева З.Б. «Өзіндік терапияның әдісі ретінде медитация мен релаксация» тақырыбында ҚПҰА психологиялық орталығында тәрбиелік іс-шара өткізді. Өткізу орны: «Байзақ» бизнес орталығы, 608 офис.

 Баймолдина Л.О. медитация мен релаксацияның пайдасы тралы айтты. Босаңси алатын адамдардың экстремалды жағдайларға жақсы реакциясымен ерекшеленуі, агрессиясы төмендетіп, іс-әрекетін жалғастыру үшін қажетті энергияны ұзағырақ сақтай алатындығы жасырын емес. Ерте кездегі босаңсу әдісі өзіне көптеген әдістемелерді қосады. Бұл дененің орналасуы (асаны йоги), демалыстың ерекше түрлері, жеке дыбыстық комбинацияларды қайталау және т.б. Медитациямен айналысушылар оның стресске түсудің төмендеуіне және адамның тынышталуына әсер ететіндігін айтады. Біз көбіне теледидар көріп отырғанда немесе коктейл ішіп немесе кітап оқып жұмсақ креслода отырған кезде – біз босаңсимыз. Бірақ бұл дұрыс емес. Шынайы босаңсу және релаксация аяқ астынан келеді, себебі оны үнемі практикада қолдануымыз керек. Релаксацияның кейбір түрлері медитацияға өтеді. Көптеген медитациялаушы адамдар релаксацияның техникалары ішкі тыныштыққа жол ашып, сонысымен медитацияға пайдасын тигізуі мүмкін деп есептейді. Одан кейін студенттермен медитация мен релаксацияның техникалары жүргізілді. Релаксацияның қарапайым түрлерін меңгергеннен кейін студенттерге медитацияның негіздерін меңгер ұсынылды.

Ұсынылған жаттығулар студенттерге өте ұнады, олар өздері және өздерінің денсаулығы үшін уақытты пайдалы өткізді.

 
   

Басылым күні :  16.12.2016