Дұрыс тамақтану-денсаулық пен табыс кілті

«Ас-адамның  арқауы» деген аталы сөздің негізінде адамның физикалық және интеллектуалды дамуы үшін дұрыс тамақтанудың маңызы ерекше екені айтылады.

2016 жылдың желтоқсан айында №9 жатақханада «Салауатты дене мәдениеті» шарасы аясында Қазақ тағамтану академиясының мамандары, медик-студенттер мен философия және саясаттану факультеті студенттері мен оқытушылары арасында  кездесу өткізілді.

Кездесуге қатысушылар «әр адам өзінің түр тұлғасы сымбатты болудың алғышарты- дұрыс тамақтану мәдениеті мен зиянды астардан бас тарту» екендігі туралы өз ойларымен бөлісті.

Қонақтар тек танымдық дәріс тыңдаумен шектелмей, мамандармен кеңесіп өздеріне қызықты сұрақтарын қойып, маңызды ақпараттармен бөлісті. Мәселен, тамақтану тәртібі мен интеллектуалды жүктеменің сәйкестігі, бой мен салмақ өлшемінің арақатынасы т.с.с

 
 

 

 

Ұйымдастырушылар: С.К. Құдайбергенова, З.Б. Мадалиева, Л.О. Баймолдина

Басылым күні :  12.12.2016