«Тіл мерекесі»

    2015 жылдың 22 қыркүйегінде жалпы және қолданбалы психология кафедрасының бірінші курс студенттері «Тіл мерекесі» құрметіне орай ұлтшылдыққа қарсы ой қозғайтын психологиялық, саяси, танымдық «Қазіргі кездегі Қазақстанның көптеген тұрғындары орыс тілін негізгі тіл ретінде қолдануы дұрыс па, әлде бұрыс па?» атты пікір-сайысын өткізді.


   

 Бірінші курс студенттері екі жақтың ой-пікірлерін өзгерту мақсатында дебаттағы даттау мен жақтау топтарының қатысушыларының орындарын алмастырды. Пікір-сайыс нәтижесінде тек қана дебат қатысушылары ғана емес, сонымен қатар 1, 2 және 3 курс студенттері де қайсы бір тіл болмасын-ол жаңа әлем екенін түсінді.

Басылым күні :  05.10.2015