Әбу Наср Әл-Фарабидің мұрасы және әлемдегі психологиялық ғылымның дамуы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде 2023 жылғы 4-5 сәуірде «ӘБУ НАСР ӘЛ-ФАРАБИ ТІЛІНІҢ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯ ТІЛІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРАБИ ФОРУМЫ өтіп жатыр.       

«ӘЛ-ФАРАБИ ТІЛІНІҢ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯ ТІЛІ» халықаралық Фараби форумы әл-Фараби мұрасын зерттейтін отандық және шетелдік ғалымдарды біріктірді; бүгін әлемнің озық ғалымдарының диалогы мен ынтымақтастығы үшін жаңа платформаға айналды. Іс-шараның басты мақсаты – әл-Фарабидің бай мұрасы призмасы арқылы қазіргі қоғамды дамытудың рухани, тарихи және философиялық негіздерін пайымдау.

Форумға қатысушылар ғылым мен білімді интеграциялауға, қазіргі қоғамның рухани-адамгершілік және зияткерлік мәдениетін жетілдіруге қатысты өзекті мәселелердің кең ауқымын талқылады.

Секциялар аясында жалпы және қолданбалы психология кафедрасы 4 сәуірде пікірталас алаңын өткізіп, зерттеу бағыттары бойынша баяндамалар тыңдады:

  1. «Жеке тұлғаны дамыту үшін психосинергетика және коучинг» (Мынбаева Айгерим Қазыевна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор);
  2. «Жағымсыз эмоциялар: табиғаты және басқару тәсілдері» (Садвакасова З.М. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор міндетін атқарушы);
  3. «Тарихи контекстегі топаралық және жеке кешірімнің рөлі» (Султангалиева Шарапат Султангалиевна – 3-курс докторанты);
  4. «Тыныс алу ғылымы мен өнері» (Тастанова Айгерим Асқаровна – оқытушы).

 

 

 

 

Басылым күні :  09.04.2023