«ЗАМАНАУИ ӘЙЕЛ: БІЛІМ, КӘСІП, МАНСАП» атты халықаралық дөңгелек үстел

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасы «ЗАМАНАУИ ӘЙЕЛ: БІЛІМ, КӘСІП, МАНСАП» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – әйел адамдардың білім алуға, оқытуға, жұмысқа орналасуға және шешімдер қабылдауға толық және тең қатысуына жәрдемдесу мақсатында гендерлік зерттеулермен айналысатын ғалымдар арасында ғылыми білім алмасу және белгілі бір дәрежеде өз жұмысында гендерлік мәселелерді шешу болып табылады, сонымен қатар, ғылыми салада әйел адамдарды ғылыми мансапты дамытуға ынталандыру және олардың мамандықтағы жетістіктерін мойындау. 

Заманауи қазақстандық әйел өмірдің көптеген салаларының және білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, экономика, сауда және қызмет көрсету салаларының белсенді қатысушысы және белсенді субъектісі болып табылады.

Дөңгелек үстелде келесі мәселелер қаралды: 

  • Қазақстандық ғылым мен білімдегі әйел тұлғасы
  • Білім беру жүйесіндегі әйел адамдардың өкілдік етуі және мансаптық өсу мәселелері
  • Гендерлік ассиметрия және ғылым мен жоғары білімнің феминизациясы
  • Қазіргі қоғамды трансформациялау жағдайында әйелдердің өзін-өзі жүзеге асыруы және кәсіби өсу мәселелері
  • Әйелдер мансабының психологиясы: жеке және этностық модустар
  • «Бұзылған баспалдақ»: Мансаптың алғашқы қадамдарындағы гендерлік кедергілер

 

2019 жылғы адами даму туралы баяндаманың деректері бойынша Қазақстан 189 елдің ішінде 50-ші орында, бұл Қазақстанды адами даму деңгейі өте жоғары елдер санатына жатқызады. Қазақстан гендерлік теңдік пен гендерлік дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша да жетекші орында: әйелдер үшін гендерлік даму индексі (IGR) ерлер үшін 0,790 салыстырғанда 0,795 құрайды, бұл әйелдер мен ерлер арасындағы теңдіктің жоғары деңгейін көрсетеді (гендерлік дамудың жиынтық индексі 1,006 құрайды). Бұдан басқа, соңғы бірнеше жылда Қазақстан өзінің Гендерлік теңсіздік индексінің мәнін 2000 жылғы 0,405-тен 2017 жылы 0,197-ге дейін төмендетіп, Еуропа мен Орталық Азия елдері бойынша орташа көрсеткіштен (0,279) төмен көрсеткішке қол жеткізді.

Әсіресе, гендерлік асимметрия және мектепке дейінгі, орта және жоғары білім беруді феминизациялау, яғни білім беруде әйелдер тұлғасы айқын байқалады. Мұның өзіндік «артықшылықтары» және зерттелуі тиіс «кемшіліктері» бар. Бірақ анық «кемшіліктердің» арасында – ерлердің ықпалы мен жастарды тәрбиелеудің жетіспеушілігі.

Бұдан басқа, отбасы әлемі іс жүзінде Әйелдің – анасының, әжесінің, әйелінің, тәтесінің, әпкесінің иығында. Бұл жерде баланың және жалпы өскелең ұрпақтың жеке басын қалыптастыруға ерлердің қатысуының тапшылығы мен жетіспеушілігі байқалады.

Қазақстандағы заманауи әйел еркектермен қатар жоғары білім алуға, тұлғалық өзін-өзі іске асыруға және кәсіби мансабын құруға тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие.

Әсіресе, мұны қазіргі заманғы жоғары мектептің мысалынан айқын байқауға болады.

 

 

 

 

Басылым күні :  04.03.2022