Әлеуметтiк - тәрбиелiк қызмет

Іс-шара атауы

Сипаттамасы

 

«Наурыз – иран-түрік халықтарының ортақ мерекесі» шарасы өтті

 

Тұрақты даму мақсаттары (ЦУР)» (Бейбітшілік, әділет және мекемелер) жобасының негізінде 15-наурызда Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында «Наурыз – иран-түрік халықтарының ортақ мерекесі» атты мерекелік шара өтті. Шараға Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулы Мухсин Фағани, Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасы Бас консулдығы жанындағы Мәдени өкілдіктің жаңадан тағайындалған басшысы Хусейн Ағазаде, этнограф ғалым Болат Бопайұлы, «Отбасы хрестоматиясы» баспасының өкілдері, сондай-ақ алыс шетелдерден келген қонақтар: Варшава университетінің докторанты Линьда Масальски (Польша), Рицумейкан университетінің профессоры Ким Виктория (Жапония), Жаңа оңтүстік Уэльс университеті профессоры Джеймс Эдрик Алан Вебб (Австралия) қатысты. Иран Мәдени Өкілдігі дәстүрлі ирандық «Жеті син» дастарханын» қонақтар назарына ұсынды. Мерекелік шарада студенттер дайындаған презентацияларын көрсетіп, парсы тілінде өлең оқыды. Кештің соңы мерекелік дастарханға ұласты. 

 

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕ ТАЯУ ШЫҒЫС ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК АЗИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ ҰСТАЗДАРЫ БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

 

2023 жылдың 6 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде «ІІ Халықаралық Фараби форумы» аясында «Шығыстанудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті. Аталмыш дөңгелек үстелге шығыстану факультетінің оқытушы профессорлар құрамы мен білімгерлері қатысты. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты - шығыстанудың отандағы рөлін, салмағын, орнын көрсету, бәсекеге қабілетті жас буыған шығыстану бағытын терең ұғындыру.

Дөңгелек столда Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ұстаздары, ф.ғ.д., профессор Г.Е.Надирова, ф.ғ.д., доцент Б.Н. Джубатова сөз алып, шығыстануды дамытудың негізгі тенденциялары мен негізгі мәселелері, және оны шешудің жолдары тақырыбы аясында баяндама жасады.

Оқып жатқан шығыс елінің тілін, мәдениетін, тарихын, экономикасын, саясатын терең игеріп жатқан болашақ шығыстанушылар үшін «Шығыстанудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел пайдалы әрі қызықты өтті. Жиын соңында, шығыстану саласына қатысты алуан түрлі сұрақтар қойылып, пікір алмасулар болды.

 

 

 

 

Шығыстану факультетінің урду бөлімі Мухаммад Али Джинна орталығында Пәкістандық студенттермен бірге тіл үйрену клубын ашты

 

Тұрақты даму мақсаттары (ЦУР)» (сапалы білім айдары) жобасының негізінде ҚазҰУ-дың медицина факультетінде білім алып жатқан пәкістандық студенттерді Мухаммад Али Джинна орталығымен таныстырып, урду бөлімінің студентерімен бірлескен «Quasar Urdu Society» тілдік клубы ашылды. «Quasar Urdu Society»  қазақ тілінде «Жарыққа толы урду қауымы» дегенді білдіреді. «Quasar» - бұл ғаламдағы сәуле шығарудан өте қуатты нысан. Клуб қуатты ұйым болу ниетімен осындай атауға ие болды.
 Клубта урду бөлімінің студенттері пәкістандық студенттерге урду тілінде қазақ тілі, мәдениеті, тарихына қатысты әртүрлі іс-шаралар өткізеді. Сондай-ақ алдағы уақытта пәкістандық студенттермен мәдениет, әдебиет жайында ой алмасу мақсатында пікірталастар болады.

 

 

Факультетімізде Хаджетеппе университетінің профессоры Өзкул Чобанұлымен кездесу өтті

 

Тұрақты даму мақсаттары (ЦУР)» (сапалы білім айдары) жобасының негізінде 2022 жылдың 9 желтоқсанында Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ұйымдастыруымен Хаджеттепе университетінің профессоры, фольклор кафедрасының меңгерушісі Өзкул Чобанұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында профессор Шобанұлы Шығыстану факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттеріне «Фольклорлық теориялардың зерттеу әдістерінің тарихы» тақырыбында дәріс оқыды. Профессор О.Чобанұлының осы тақырыптағы дәрісі өте қызықты өтті. Кездесуге қатысушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар алынды. 

 

Шығыстану факультетінде «Халықаралық әл-Фараби күні» атты дөңгелек үстел өтті

 

Шығыстану Факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында 2022-жылдың 21 қарашасында «әл-Фараби» күніне арналған «Халықаралық әл-Фараби күні» атты дөңгелек үстел өтті. Иран Ислам Республикасының Саңлақтар мұрасы қоғамының ұсынысымен 2021-жылдың 21 қарашасы «әл-Фараби» күні ретінде Иран күнтізбесіне енгізілді. Осыған орай биылғы жылы әл-Фараби күніне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге Шығыстану факультеті, Философия және саясаттану факультеті, Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Мәдени өкілдігі мен Фараби орталығының зерттеушілері, оқытушылар мен студенттер қатысты. Шара барысында әл-Фараби мұрасын тұпнұсқадан қазақ тіліне аудару барысында ескеру керек мәселелер мен әл-Фарабидың әлі зерттелмеген мұралары туралы баяндамалар жасалып, қатысушылар өзара пікір алмасты. Қатысушылар бір ауыздан әл-Фараби мұраларының том-том болып кітап сөрелерінде емес, қоғамдағы әрбір адамның өміріне жақын болуы керектін айтты және зерттеушілердің бірінші кезекте осы бағытта жұмыс істеуі өажет деп қорытындылады.

«Халықаралық әл-Фараби күні» дөңгелек үстелді Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы, Философия және саясаттану факультетінің Философия кафедрасы, әл-Фараби орталығы ұйымдастырды.

 

 

Махатма Ганди орталығының салтанатты ашылуы 

30 қаңтар 2018 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Махатма Ганди орталығының салтанатты ашылуы өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры мырза Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы, Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Прабхат Кумар мырза, Үндістан өкілдігінің Алматы қаласындағы консулы Мартин Сириас Клеменс, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілі Руслан Эскендерович, шығыстану факультетінің деканы Ыктияр Палторе мырза.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлы Мутанов, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Прабхат Кумар Махатма Ганди орталығының ашылуын салтанатты түрде өткізді.

Бағдарлама барысында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлы Мутанов мырзаға, Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Прабхат Кумар мырзаға, ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілі Руслан Эскендеровичке сөз берілді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сәрсенбаев Болат Серғазыұлы бейнефильмде өзінің жылы тілектерін, құттықтау сөзін білдірді.

Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Прабхат Кумар «Елшінің сағаты» дәрісіне қатысқысы келетіндердің барлығын құрметтеп, онда ол Үндістан үшін ең күрделі уақытта Мохандас Карамчанд Гандидің барлық адамдарды бейбіт түрде күресуге шақырғаны туралы өте қызықты түрде айтып берді, және бұл үндеу Үндістанды біріктірді және үлкен секіруге күш берді.

Осы іс-шараның тағы бір маңызды оқиғасы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің индология кафедрасының оқытушылары дайындаған хинди-қазақ, қазақ-хинди сөздік қорының таныстырылымы болды. 1992 жылдан Шығыстану факультетіндегі Индология бөлімінің құрылғанынан бері бұл сөздік қазақ тіліндегі алғашқы сөздіктердің бірі болып табылады. 

 

 

 

Елші сағаты

Қазақстан-Үндістан қарым-қатынастарының достық тамыры ерте кезеңнен бастау алган. Екіжақты қарым-қатынастарды дамыту үшін дұрыс бағытта жүріп, 1992 жылғы ақпанда екі мемлекет дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан. Екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және әріптестіктің негізгі бағыттарын айқындауға негіз болған келісімшарттық базаны құра отырып, біздің мемлекеттер арасындағы көп жақты байланыстар қарқынды дамып келеді.

Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Прабхат Кумар, Алматыдағы Үндістан Өкілдігінің Бас консулы Мартин Сирияс Клеменс, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілі Бультриков Руслан Эскендіұлы, шығыстану факультетінің деканы Ыктияр Палтореұлы, Қазақстан-Үндістан қорының директоры Эрекешева Лаура Гибратовна, Үнді классикалық би орталығының директоры Қайназарова Ақмарал Елеусінқызы. Екіжақты қарым-қатынастарды нығайту мен дамытудың тағы бір қадамы - Қазақстандағы Үндістан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Прабхат Кумар, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінде Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының индология бөлімінде «Елші сағаты» өткізуі болды.

Дәріс Үндістанның Тәуелсіздік қозғалысының көшбасшылары мен идеологтарының бірі - Мохандас Карамчан Гандидің үнді саясатшысы және қоғам қайраткеріне, сондай-ақ, Үндістанға қарама-қарсы және көпконфессиялы мемлекет ретінде бүгінгі деңгейге бірігуі және жетуі мүмкін болғанына арналды. Ганди және оның зорлық-зомбылыққа қарсы (сатьаграха) философиясы бейбіт өзгерістерді жақтаушыларыдың қозғалысына әсер еткен, бүкіл халықты отаршыластармен бейбіт түрде күресуге шақырып, Үндістанды біріктіріп үлкен қадамға күш берді. Қазіргі уақытта Үндістан әлемдегі жетекші елдердің бірі болып табылады, бұл, әрине, Мохандас Карамчанд Гандиның бейбіт шақыруының нәтижесі болып табылады.

Бағдарлама барысында мұғалімдер, студенттер сондай-ақ қатысқан барлық қонақтарға сұрақтарына жауап беру уақыты берілді. Ең алдымен, қатысқандар кездесуге үлкен ризашылық білдіріп, елшіге оның пікірінше, зорлық-зомбылыққа қарсы саясат мұндай күшке қалай ие бола алатынын сұрады. Прабхат Кумар мырза тек зорлық-зомбылыққа қарсы саясат ғана емес, ең бастысы адамнаң рухы үнді халқының жетістігі үшін үлкен құндылық екенін атап өтті. Сондай-ақ, қонақтардың басқа қызығушылық тудыратын сұрақтарына жауап бере отырып, 1947 жылы тәуелсіздік алғаннан кейінгі Үндістанның тұңғыш президенті, Гандидің шәкірттері мен серіктестерінің бірі, өз жұмысын жалғастырған - Джавархарлал Нерудің рөлін анықтады.

Индология бөлімінің студенттері хинди тілінде сұрақтар қойығанын, Елші өте мақтан тұтып, Шығыстану факультетінің индология бөлімінің студенттерінің дайындығының жоғары деңгейінде болғанын бағалады. «Екі жақты білім, ақпарат пен тәжірибе алмасу және байыту екі жағынан да пайдалы болды», - кездесуді қорытындылай отырып атап өтті елші.

Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Прабхат Кумар, Алматыдағы Үндістан Өкілдігінің Бас консулы Мартин Сирияс Клеменс, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілі Бультриков Руслан Эскендіұлы, шығыстану факультетінің деканы Ыктияр Палтореұлы, Қазақстан-Үндістан қорының директоры Эрекешева Лаура Гибратовна, Үнді классикалық би орталығының директоры Қайназарова Ақмарал Елеусінқызы.

 

 

 

«Халықаралық Хинди тілі» 

Рамада қонақ үйінде «Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында Шығыстану факультеті, Таяу шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы, үндітану бөлімінің оқытушылары мен студенттері Үндістан Елшілігі және Үндістанның Қазақстандағы үнді сауда және мәдениет палатасымен бірлесе отырып «Халықаралық Хинди тілі» күні мерекесін атап өтті. Алматы қаласында үнді мәдениетімен танысып, хинди тілін оқып жатқан студенттер аталмыш мерекеде үнді тілінде әсем ән шырқап, би билеп өз өнерлерін ортаға салды.

 Үндістанның Қазақстандағы Төтетше және Өкілетті Елшісі Прабхат Кумар  мырза мерекелік шара барасында  Алматы қаласында хинди тілі оқытылып жатқан орталықтар мен университет студенттерінің өнерлеріне риза болып, өз пікірін былай білдірді: «аталмыш мерекенің қазақ жерінде де ескерілуі үнді халқына деген шынайы достастығымыздың дәлелі. Мерекелік бағдарламаны тамашалу барысында үнді тілінде шырқалған әсем әндер мен мың бұралып көрсетілген билер мені құдды бір үнді даласында отырғандай күйге бөледі». Қазақ-үнді достығының күшейе түсуінің кілті - жас үндітанушы мамандардың қолында, - деп  мерекелік шараға қатысқан барша көрермендер мен ұйымдастырушыларға жылы лебіздерін білдірді. 

 

 

«Рухани жаңғырудағы латын тіліне көшудің алатын орны»    тақырыбында  дөңгелек үстел    

06.12.2017 жылы сағат 18.00-де халықаралық қатынастар факультетінің 200 аудиториясында  философия және саясаттану мен  шығыстану факультеттерінің  1 курс магистранттарымен бірлесіп, «Рухани жаңғыру» мемелекеттік бағдарламасын таратуға негізделген «Рухани жаңғырудағы латын тіліне көшудің алатын орны»    тақырыбында  дөңгелек үстел    өткізілді.

Дөңгелек үстел   «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында өткізілді.  

Дөңгелек үстелге  Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы  Т. Тебегенов,  М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалым хатшысы, Phd  докторы Е. Сұлтан,  А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бөлім меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Жұбаева Орынай арнайы шақыртылып, жоспарланған баяндамалар тыңдалды және қонақтар мен  магистранттар арасында   латын тілі туралы сұхбат пен пікір алмасулар өз деңгейінде өтті.

Дөңелек үстелде кіріспе сөзді профессор С.Қ. Бердібаева сөйледі. Арнайы баяндамалар тыңдалды. Магистрант Н. Орынбеков  өз баяндамасында Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керектігін ескерте келіп: «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс», – деген сөзін келтіре отырып баяндамашы рухани жаңғыру бағдарламасының маңызын айтты.

 Профессор Т. Тебегенов  магистранттарға латын тілінің ұлт болашағы үшін маңыздылығын айта келе,   көптеген тарихи оқиғаларды талдап, рухани жаңғырудағы латын тіліне өту болашақтың жарқын мазмұнын беретінін айтып берді

Дөңгелек үстел барысында баска да конактар мен біздің магистранттар ад  өз ойларын ортаға салды.  Саясаттану мамандығының, 1 курс магистранты Т. Айбергенов атындағы ақындар мүшәйрасының лауреаты Ысқақ Оралбек «Рухани жаңғыру-кейінге із қалдыру» атты өз шығармашылығынан туындаған өлеңін оқып берді. Сонымен қатар мәдениеттану мамандығының  1 курс магистранты   Әділет Жексенбі дөңгелек  үстелді «Отан» әнімен аяқтады.

 

 

Шамдар фестивалі, Дивали

«Дивали» үнді фестиваліне арналған концерттік бағдарлама  шығыстану факультетінің және де Үнді елшілігінің «хинди класс» оқытушылар мен студенттердің жүргізілүімен отті.   

Бұл іс-шараның барысында Алматыдагы Үнді елшілігінің консулы мырза Мартин Сириас Клеменс, Теңгри банк төрағасы Динеш Кумар Харджал, үнді сауда және өнеркәсіп қауымдастығының төрағасы мырза Тара Чанд Нехра, сондай-ақ шығыстану факультетінің деканы, мырза Ықтияр Палторе қатысты.  

Қазақ ұлттық университеті де Қазақстан мен Үндістан арасындағы достық ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосты. Бұл ҚазҰУ-дың Үндістандағы Жавахарлал Неру университеті, Джамия Милия Исламия, Нью-Делидегі Дели университеті сияқты университеттермен ынтымақтастығы. Индология кафедрасының студенттері жоғарыда аталған университеттерде бір жылдан төрт жылға дейін саясаттану, филология, тарих, халықаралық қатынастар факультеттерінде білім алады және магистратура мен докторантурада грантта оқуға мүмкіндіктері бар.

Тек Қазақстанда қана хинди тілін үйренуге қызығушылық  емес, сонымен қатар Үндістанда қазақ тілін үйренуге қызығушылық бар, оның дәлелі 2008 жылдың наурыз айынан бастап қазақ тілін және қазақ тілін меңгеру орталығының Джамия Миллиа Исламия университетінде ашылуы.

Концерттік бағдарлама барысында Үндістанның дәстүрлері мен мәдениетін және де хинди тілін өте жақсы меңгеріп ғана емес, сонымен қатар үнді әндерін айтып, билерін билеп біздің студенттеріміз үшін жалынды шапалақ, ризашылық пен мақтаныш сөздері төгілді.

 

 

Араб өнері бойынша сайыс

Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында  30 наурызда «Араб тілі» апталығының аясында араб елдерінің ұлттық тағамдары және араб өнері бойынша сайыс өткізілді.

    Өнер бәйгесіне Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі араб бөлімінің студенттері мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетте араб тілін оқып жатқан студенттер қатысып, араб ән–биі, мақал-мәтелдері бойынша білім жарыстырды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері араб тілінде шағын спектакль қойса, Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері араб тілінде қуыршақ театрын қойды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студент арабтанушы қыздары араб биін сәніне келтіріп билеп, Абай атындағы ҚазҰПУ студенті Абай бабамыздың 40-қара сөзінің арабша аудармасын жатқа айтып шықты.  Доктор Хамдан Ибрахим спектакльге қатысты сұрақ қойып, дұрыс жауап берген студентімізге қаржылай сыйлық жасады.

     Араб ұлттық тағамдарының көрмесін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері ұйымдастырды. Араб бөлімінің студенттері араб халықтарының сүйікті тағамдары –маклубе, кушари, фәләфил, басбуса, кабуса, қатаиб, фытр дайындады. Алматыдағы Египет Араб республикасы мәдени орталығының директоры доктор Хамдан Ибрахим мен кафедрадағы мысырлық ғалым Юнус Абулфутух қыздарымыздың аспаздық өнеріне жоғары баға берді.

    «Араб тілі» апталығының бұл күні де қызықты өтті.

 

 

Елші сағаты 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында 1 наурыз күні Қазақстандағы Иран Ислам Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Можтаба Дамирчилу мырзамен дәстүрлі «Елші сағаты» өтті.

«Елші сағатына» келген аса мәртебелі  Елші Можтаба Дамирчилу мырза Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Иран Ислам Республикасы мен Қазақстан Республикасының арасындағы 25 жылдық қарым-қатынастарға шолу жасай отырып, екі ел арасындағы инвестициялық және инновациялық жобалар мен келісім-шарттар туралы баяндады. Әсіресе, студенттер үшін маңызды саналатын жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне тоқталып, бүгінгі таңда Қазақстанда ресми түрде 250 ирандық компаниялар тіркелгенін айтты және парсы тілін білетін мамандарға сұраныстың көп болатындығын жеткізді. Кездесуде Иран Ислам Республикасының бүгінгі ғылымдағы, білімдегі жетістіктері туралы да сөз қозғалды.

Сонымен қатар Университет ұжымын келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, екі ел арасындағы достық қарым-қатынастың жаңа деңгейде дамуына ниетті екенін хабарлады.

 

 

 

28-панфиловшылар фильмі – ата-баба ерлігіне тағзым!

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының иран тобының студенттері ұстаздары Боранбаева Айманмен бірге 6-желтоқсанда  «28-панфиловцев» фильмін тамашалауға барды. Қазақстан ғана емес, бұрынғы бүкіл Кеңес Одағы елдері арасында 28-панфиловшылар ерлігін естіп, оларға құрмет тұтпайтын адам кемде-кем. Олардың қазақстандықтар үшін орны ерекше. Өйткені, олар біздің жерлестеріміз. Қазақстан халқы әрқашан анау аласапыран соғыста жаудан жасқанбай, ұрпағы үшін қанын төккен аталар ерлігіне бас иеді. Аталар рухына мың тағзым! 

 

 

«Алматы қаласы туралы не білесің?» атты викторина 

2016 жылдың 25 қараша күні сағат 14.00-де  Шығыстану факультетінің 426-аудиториясында Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушылары Ахметбекова А.К., Жиекбаева А.Б., Көптілеуова Д.Т., Сейтметова Ж.Р. ұйымдастыруымен Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойына орай «Алматы қаласы туралы не білесің?» атты викторина өтті. Жарысқа 1, 2, 3, 4 курс студенттері қатысып, өздерінің Алматы қаласының тарихын да, сәулет ерекшеліктерін де жақсы білетіндерін танытты. Викторина нәтижесі бойынша мына студенттер жеңімпаз атанды: Жанас Жадыра(2 курс), Байжомарт Зарина(4 курс), Сұлтанбаева Ақдидар(2 курс), Акижанов Ермек(3 курс).

 

 

«Толеранттылық – бейбітшілікке бастама» атты тәрбие сағаты 

2016 жылдың 22 қараша күні сағат 13.00-де  Шығыстану факультетінің 422-аудиториясында Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушылары Ахметбекова А.К., Жиекбаева А.Б., Көптілеуова Д.Т., Сейтметова Ж.Р. ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» жобасының аясында  «Толеранттылық – бейбітшілікке бастама» атты тәрбие сағаты өтті. Дискуссия түрінде өткен бұл тәрбиелік іс-шараға 1, 2, 3 курс студенттері қатысып, өз пікірлерін ортаға салып, бейбіт өмір сүрудің алғашқы қадамы толеранттылық  қарым-қатынастан басталады деген қорытындыға келді.

 

 

Шет елдік студенттер табиғи нысандарға саяхат жасады

2016 жыл 15 қараша күні шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ирантану бөлімінің жеткешісі Ж.Жеңіс бір топ шетелдік студенттермен және магистранттармен бірге «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Алатау тауына, Шымбұлақ пен Медеу шатқалына саяхаттап қайтты. Табиғи нысандарды аралау кезінде оқытушы шетелдік студенттерді Қазақстан тарихымен, қазіргі кездегі экологиялық мәселелрмен, табиғи байлық туралы әңгімелеп берді. Студенттер өздерін толғандырып жүрген түрлі сұрақтарға жауап тауып, ғаламдық мәселелер бойынша ой бөлісті.

 

 

Махатма Гандидің туған күні және Халықаралық зорлық-зомбылықсыз күні. 

2016 ж. 2 қазан (Жексенбі) күні Алматыда, Махатма Ганди ескерткіші алдында көрнекті философ Махатма Гандидің туған күнін тойлауға және Халықаралық зорлық-зомбылықсыз күнді атап өтуге арналған рәсім аталып өтілді.

"Биыл, зорлық-зомбылықсыз күресті уағыздап өткен, ұлы философ - Махатма Гандидің туғанына 147 жыл толады. Зорлық-зомбылықсыз туралы ілімнің, өзінің ой өрісінің арқасында, ол өз халқын біріктіре алды" - деп, Алматыдағы Үндістан Елшілігі алдындағы Өкілдігінің консулы Навин Капурмырза өз сөзінде атап өтті. 

 Іс-шараға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Шығыстану факультетінің үндітану кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты.

 

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» атты қайырымдылық іс-шара

Студенттер іс-шарада ән-куйін шырқап, өз қойылымдарын, сондай-ақ ұстаз ұжымының балалар үйіне зиярат жасағандығы жайлы слайд-шоу көрсетіп, көрермендердің жүрегін жібітіп жіберді.

Бұл игі шараға арнайы парсы және араб тағамдары әзірленді.

 

«Тұрмыстық қалдықтардан жасалған ең үздік бұйым» атты жарыс

Таяу және Орта Шығыс кафедрасының ұйымдастыруымен шығыстану факультетінің 1-4 курс студенттері арасында университеттің «Гринкампус» инновациялық-әлеуметтік жобасы аясында «Тұрмыстық қалдықтардан жасалған ең үздік бұйым» атты жарыс өтті.

 

«Спорт денсаулық кепілі»

«Спорт денсаулық кепілі» атты іс шара бойынша Қарасай көшесінің бойымен әл-Фараби бойымен жаяу жүріс жасадық. 4 курс студенттері және ирантану бөлімінің оқытушылары педагогикалық практикасының тәрбие сағаты есебінде өткен бұл іс-шараның студенттерге берері мол, спорттық ойындардың жаттығулардың пайдасы жайында сөз қозғалып, жол бойындағы қоқыстардан тазарта жүрді.

 

«Ирак және Шам ислам мемлекеті ұйымы-ислам дінінің жаңа радикалды көрінісі ретінде»

«Айналаңды нұландыр» атты әлеуметтік-инновциялық жоба аясында кафедра доценті Таджикова К.Х бастамасымен «Ирак және Шам ислам мемлекеті ұйымы-ислам дінінің жаңа радикалды көрінісі ретінде» атты, тәрбие сағаты өтті.

 

 

Шапағаты мол мәуліт мерекесі

Таяу және Орта Шығыскафедрасының және Мысыр Араб Республикасы Елшілігі жанындағы Мысыр Мәдени орталығының ұйымдастыруымен университеттің «Айналаңды нұрландыр!» инновациялық-әлеуметтік жобасы аясында шығыстану факультетінде «Шапағаты мол мәуліт мерекесі» атты іс-шара өтті.