Кафедраның тарихы

 

Кафедра тарихы

Жалпы университеттік шет тілдер кафедрасы 1959 жылы маусымда құрылды. Бұл кафедраның ең бірінші меңгерушісі доцент Шварцман Е.Н. (1959-1986), доцент Федорова Л.Н. (1986-1988), доцент Ковлер Т.Д. (1981-1991), доцент Утебаева З.У (1991-1994). 1994 жылдан бері кафедра меңгерушісі доцент Мулдагалиева А.А.

Кафедра барлық факультеттердің күндізгі, кешкі, сыртқы бөлімдерінде оқу процесін қамтамасыз етті. Осы кезеңде кафедрада Алматы, Мәскеу, Ленинград университеттерінің мынадай түлектері жұмыс істеді: Шишакина Александра Ивановна, Лушиц Мария Степановна, Барлыбаева Нина Евгеньевна, Кожахметов Орал Кожахметович, Беленко Георгий Антонович, Рабинович Арнольд Израилевич, Баринова Клавдия Павловна, Авазбакиева Нелли Генриховна, Нурумбетова Роза Мынбаевна, Сорокина Галина Павловна, Пфеффер Нора Густавовна, Пфеффер Гейнц Густовович, Миллер Андрей Андреевич, Ким Петр Леонидович, Шухова Валерия Глебовна, Савицкая Тамара Павловна, Бектембаева Галина Сарсеновна, Комарова Вероника Валентиновна, Ким Галина Сергеевна, Гостева Тамара Дорофеевна. Бұл кафедраның оқытушылары әрдайым өздерінің жоғары білім деңгейімен, жұмысқа қабілеттілігімен, белсенділігімен, өздерінің жұмыстарына деген шығармашылық бағытымен, студенттеріне және университетке деген сүйіспеншілігімен ерекшеленді.

1960 – 1980 жылдары кафедрада үлкен ғылыми өсу байқалды.

Шет тілдерін оқыту методикасы және лингвистика салалары бойынша кафедра оқытушылары: Шишакина А.И., Миллер А.А., Ким П.Л., Бутина Р.М., Комарова В.В., Якубова У.М., Рабинович А.И., Герман В.А., Николаева Г.Н. кандидаттық диссертацияларын қорғады.

Кафедрада аудиториядан тыс жұмыстарға көп көңіл бөлінді: тіл үйрену үйірмелері жұмыс істеді, жалпы университеттік Халықаралық Достық Кештері ұйымдастырылып отырды, әрдайым кафедралық «Лингвист» газеті шығарылып тұрды, «ең үздік көркем-сөз оқу шебері», ең жақсы аудармашы конкурстары өткізіліп тұрды. Сонымен бірге кафедра оқытушылары басқа профильдік – мамандандыру кафедраларының оқытушыларымен өте тығыз байланыста болды, оларға арнайы әдеби материалдарды және мақалаларды аударуға көмектесіп отырды.