"Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не және оның алдын алу үшін қандай шаралар қолдану қажет?"

2022 жылғы 09 желтоқсанда Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған "Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не және оның алдын алу үшін қандай шаралар қолдану қажет?" тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингке бірінші курс студенттері белсене ат салысты.

         Семинар - тренингтің мақсаты:

           Өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, сонымен қатар жастардың сыбайлас жемқорлықтан бас тартуға рухани негіз болып табылатын әділдік, адалдық және мейірімділік сияқты қасиеттерді қалыптастыруға ықпал ету.

           Іс - шараға химия және химиялық технологиялар факультетінің декан орынбасары Ляйля Кадирсизовна және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар" ғылыми-зерттеу институтының сарапшы- кеңесшісі Жайнақ А.Е. қатысып, сөз сөйледі.

         Олар өз баяндамаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына жан-жақты тоқталды. Осы тақырыпқа сай арнайы дайындалған презентация материалдары көрсетіліп, сыбайлас жемқорлық және оның салдары туралы бейнероликтер көрсетілді.

         Семинар-тренинг барысында қатысушыларға тақырып бойынша жан-жақты ақпарат берілді. Біз сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресу шаралары мен проблемаларын ашық талқыладық. Студенттер белсенді түрде өз пікірлерін білдірді, сұрақтарға жауап берді, сыбайлас жемқорлық туралы өлеңдерін оқыды, сыбайлас жемқорлыққа қатысты сөзжұмбақтарды шешті.

         Іс-шараны қорытындылай келе, тренинг ойынында қатысушылар плакаттағы бос жүрекшелерді өз тілектерімен жандандырды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске олардың әрқайсысы қандай шаралар қолдануы туралы тілектерімен бөлісті.

       Ұйымдастырушы: орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Дуйсембиева Г. М.

Басылым күні :  08.02.2023