«Әлеуметтану ғылымының әлеуметтік сфераны дамытудағы рөлі мен әлеуметтік мәселелерді шешу жолдары» тақырыбында

2021 жылдың 12 ақпанында сағат 8.00-де «Биология», «Биотехнология», «Генетика», «Биомедицина» мамандықтарының 1 курс студенттерінің қатысуымен «Әлеуметтану ғылымының әлеуметтік сфераны дамытудағы рөлі мен әлеуметтік мәселелерді шешу жолдары» тақырыбында «Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының профессоры, социология ғылымдарының докторы Абдикерова Гульнафис Орынбасаровнаның ұйымдастыруымен және кафедраның докторанты Т.Б.Тауекелованың қатысуымен   онлайн форматта талқылау сағаты   өтті. Қоғамның әлеуметтік саладағы мәселелері мен оларды шешу жолдарын талдаған студенттер, өз ойларын еркін   жеткізе білді. Профессор Г.О. Абдикерова олардың ойларын жалғастыра, студенттердің білім алуға ұмтылуын, жан-жақты дамуы мен өзін-өзі жетілдіру қажеттігін ұғындыра келіп, қоғамдағы   осы мәселелердің шешілу жолдарын   талдап берді. Талқылау ZOOM платформасында өтті.  


 

Басылым күні :  22.02.2021