Халық, урбанизация және қоғамдық қозғалыстар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,  Философия және саясаттану факультеті, Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушысы Т.Б. Тауекелова  "Актуарлы математика" мамандығы, 1 курс студенттерімен "Рухани жаңғыру" бағдарламасы  бойынша "Әлеуметтану" пәнінен 17.04.2020 күні "Халық, урбанизация және қоғамдық қозғалыстар"   тақырыбында дәріс өткізді.Дәрістер мен семинар сабақтарында  Д. Бринкерхоф, Р.Уейтс, С.Ортеганың  "Рухани жаңғыру" бағдарламасымен қазақ тіліне аударылған "Әлеуметтану негіздері" оқулығынан  қоғам және оның құрылымы, мәдениет, отбасы, білім мен дін, саясат пен экономика, әлеуметтік өзгерістер тақырыптарын талдап,  қоғам және оның  салалары туралы көптеген біз білмеген мағмұлаттар алдық. Студенттерге түсінікті аударылған, тілі  қарапайым жазылған  кітаптың кез келген білім алушының әлеуметтануға деген қызығушылығын арттырмай қоймасы анық. Бұл оқулық білім алушылардың әлеуметтану тұрғысынан  ойлау қабілетін арттырып, қоғамдық  мәселелерді дұрыс түсініп, оларды шешу мен жүзеге асырудың қажеттілігін ұғындырады.

#Рухани жаңғыру #kaznu #sociologykaznu

Басылым күні :  17.04.2020