Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алудың шетелдік тәжірибелері» «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында

2018 жылдың 28 ақпан  күні өндірістік практика бойынша әлеуметтану  және  әлеуметтік  жұмыс  кафедрасының  Әлеуметтік жұмыс мамандығының 4 курс студенті Қалдыбек С.Т. «Араша» дағдарыстық орталығымен біріге отырып, халықаралық мамандардың қатысуымен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алудың шетелдік тәжірибелері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты көпшілік халықты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, алдын алу, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке-профилактикалық жұмысты жүзеге асыруға бағытталған жүйені қалыптастыру бойынша шетелдік мамандармен тәжірибе аламасу, алда қабылданып жатқан шаралармен таныстыру, сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің №1325 Қарарының халықаралық құжаттарын зерделеу болып табылады. Дөңгелек үстел қонағы ретінде Өзбекстан Республикасының Әйелдер комитетінің төрайымы Маруфова Гульнара Махмудовна, ООН Шығыс Европа елдерінің халықаралық кеңесшісі Ионелла Хорга шақырылды. Осындай жоғары лауазымды мамандармен бір алаңда пікір таластырып, Қазақстанда әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғауда тәжірибемен бөлісті. Дөңгелек үстел барысында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясына байланысты іс-шаралар жоспары әзірленді.

Өтетін орны: Назарбаева проспект, 113.

Уақыты: 10:00, 28.02.2018.

Практика жетекшілері: Абдирайымова Г.С., Амитов С. А., Шеденова.Н.У.

 

Басылым күні :  03.04.2018