«Клиентпен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстағы тренингтер мен әдістер» тақырыбында тәрбиелік сабақ, «Айналаңды нұрландыр»

2016 жылдың 16 қарашасында философия және саясаттану факультетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Клиентпен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстағы тренингтер мен әдістер» тақырыбында тәрбиелік сабақ өткізді.

Уақыты мен орны: №9 Студенттер үйі, акт залы, сағат 19.00.

Ұйымдастырушылар: Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі, ә.ғ.д., профессор Г.С. Абдираймова, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының доцент м.а., PhD докторы Д.К. Бурханова және «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының 2 курс магистранттары А.Х. Абдрашитова мен С.Ж. Исмағұлова.

Басылым күні :  20.12.2016