«Қазіргі таңдағы әлеуметтік қызметкердің рөлі», «Айналаңды нұрландыр»

2016 жылдың 9 қарашасында философия және саясаттану факультетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Қазіргі таңдағы әлеуметтік қызметкердің рөлі» тақырыбында тәрбиелік сипатта сабақ өткізді. Спикерлер презентациялары көрсетіліп, қазіргі таңдағы әлеуметтік қызметкердің рөлі талқыланды. Кафедра оқытушылары, бакалавр студенттері магистранттар іс-шарада белсенділік танытты.

Спикерлер:

  • ·       С.С.Серікжанова: «ЖОО студенттерінің әлеуметтік белсенділігі»
  • ·       А.Қ.Жарменова и А.О.Қайырханова «Германиядағы әлеуметтік жұмыс ерекшеліктері»
  • ·       А.Х.Абдрашитова «Дағдарысты жағдайды шешудегі әлеуметтік қызметкерлердің рөлі: «Аналар үйі» мысалында»
  • ·       С.Ж.Исмағұлова «ҚР Білім беру және ғылым министрлігіндегі тәжірибе»
  • ·       Д.Д.Қасымов «Smart Student Press» газетасының кезекті нөмірінің презентациясы»

Уақыты мен орны: №9 Студенттер үйі, акт залы, сағат 19.00, 9 қараша, 2016ж

Ұйымдастырушылар: PhD, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының ио доценті С.С Серікжанова және «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының 2 курс магистранттары А.Х. Абдрашитова, А.Қ. Жарменова, С.Ж. Исмағұлова, А.О. Қайырханова, Д.Д. Қасымов.

Басылым күні :  07.12.2016