«Халықпен аумақтық әлеуметтік жұмыс ерекшелігі: шет ел мамандарының тәжірибесі» Гете Институт Қазақстан директорымен кездесу.

2016 жылдың 18 қаңтарында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің философия және саясаттану факултеті әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының студенттерінің Гете Институт Қазақстан директоры Барбара фон Мюнххаузенмен кездесу өтті. Кездесу тақырыбы «Халықпен аумақтық әлеуметтік жұмыс ерекшелігі: шет ел мамандарының тәжірибесі». Қазақстандағы Гете Институтының «Жасыл энергетика», «Қазақстанның пенитенциарлы жүйесіндегі шет елдік мамандар» арқылы іске асырылатын әлеуметтік жобалар талқыланып, презентациялар көрсетілді. Кафедра мұғалімдері мен бакалавр, магистратура және докторантура студенттері белсенді қатысты.

Басылым күні :  23.02.2016