Кинофильмдер бойынша кинотренинг. «Айналаңды нұрландыр».

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында 7 сәуір 2015 жылы әлеу.ғ.д., профессор Садырова М.С., «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы 1 курс магистранты Жалғасұлы А. және «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы 3 курс студенттері арасында адамдардың әлеуметтік мәселелерін қозғайтың (отбасы мәселесі, денсаулық, ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасы және т.б.) кинофильмдер бойынша кинотренинг ұйымдастырылды.

«Сокровище» және «Виноваты звезды» кинофильдерде көрсетілген әлеуметтік мәселелерді қызу дисскусия, талқылау күйінде өтті. Тренинг барысында кинофильмдерде кездесетін сюжеттер шыңайы өмірде де кездестіретіні анықталып, оның шешу жолдары қарастырылды. Кинофильмдердің тәрбиелік мәні қозғалды. Біздің қоғамда кездесетін жұыссыздық, зорлық-зомбылық, қаретлі ісік ауруы секілді мәселелер жайлы айтылды.

Кинотренинг студенттердің: өз ойын жеткізу, айтылған пікірлерін қорғау және дәлелдеу, жасырын таланттарын ашуға мүмкіндік туғызды. Өмірдің әрбір сәтің бағалау, адамдарға оң ниетпен қол ұшын беруді студенттерге жеткізу – кинотренингтің қорытындысы.

Басылым күні :  17.05.2015