Ірі қала жағдайындағы студент жастардың саяси әлеуметтенуі: әлеуметтік идентификаторлар

     2023 жылдың 18 қазанында сағат 15.00-де Халықаралық қатынастар факультетінің 338 аудиториясында, әлеуметтану ғылымдарының докторы, доцент Назым Өтеғалиқызы Шеденова мен оқытушы Ақмәди Мөлдірдің жетешілігімен  «Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының «Writing» ғылыми – зерттеу үйірмесінің Тұрақты даму мақсаттары шеңберінде (ТДМ 17 «Тұрақты даму жағдайындағы әріптестік») магистранттар және докторанттар қатысуымен кезекті отырысы өтті.  Шақырылған қонақ, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы Д.Е. Несіпқалиев «Ірі қала жағдайындағы студент жастардың саяси әлеуметтенуі: әлеуметтік идентификаторлар» тақырыбында баяндама жасады. Ғылыми үйірме отырысы барысында Несіпқалиев Д.Е. кафедраның жас ғалымдарымен социологиялық зерттеулер жүргізудегі тәжірибесімен, жастардың әлеуметтік идентификациясы мен әлеуметтенуін зерттеу әдістерімен бөлісті.

Басылым күні :  08.12.2023