ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК - ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ МАҚСАТЫ: халықаралық тәжірибе

     «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ-да тұрақты даму контекстінде сапалы білім беруді іске асыру тұжырымдамасы аясында, 2023 жылы 30 қарашада философия және саясаттану факультетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушылары Қ.А.Авсыдыкова, А.Б.Сарсенова факультеттік «ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК - ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ МАҚСАТЫ: халықаралық тәжірибе» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізді. Аталған іс шарада спикерлер гендерлік теңдік мәселелері бойынша мазмұнды баяндамалар жасады. Атап айтқанда, психология кафедрасының аға оқытушысы, психология ғылымдарының кандидаты С.Жарас «Әйелдер қауымын біржақты дәріптеушіліктің (идеализация) гендерлік теңдікті бұзуға әсері», әлеуметтік жұмыс кафедрасының «Әлеуметтік жұмыс» білім бағдарламасының 2-ші курс магистранты Жилигильдин Ильяс «Гендерное разнообразие на основе гендерно-пряничного человечка», Зарбат Ақниет «Қазақстандағы гендерлік теңдік мәселесі: шешу жолдары», Патрик Розалин «Gender equality as the basis for overcoming Domestic Violence in Nigeria», Марат Мадина «Гендерное равенство как цель устойчивого развития и ее реализация в Англии», Анарбекова Айдана «Гендерлік теңдік Скандинавия елдеріндегі мемлекеттік саясаттың құрылымдық элементі ретінде» атты тақырыптары бойынша сөз сөйледі.

 










Басылым күні :  01.12.2023