Гонконгтағы Политехникалық университет профессорларымен кездесу

 

     04.10.2022 – 10.10.2022 жылы Гонконгтағы Политехникалық университеті қолданбалы әлеуметтік ғылымдар кафедрасының профессорлары Hok Bun KU және Yip Sui Kan ҚазҰУ, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасына  арнайы іс - сапармен келді. Қазан айының 4 – ші жұлдызында профессорлардың қатысуымен «Әлеуметтік жұмыстағы тәжірибелік зерттеулер» атты тақырыпта семинар өткізілді. Семинар барысында профессор Hok Bun KU әлеуметтік жұмыс саласы бойынша аса маңызды тәжірибесімен бөлісіп, магистранттар мен докторанттарға әлеуметтік жұмыс саласы бойынша ғылыми зерттеу жүргізудің тиімді технологиясымен бөлісе отырып, сұрақтарға жауап берді.

Басылым күні :  07.10.2022