Студенттерді "JasSpark" жобасымен таныстыру

 

     “Columbia University Global Health Research Center of Central Asia” аясында, 15.02.2022 күні Қазақстандағы жасөспірімдер мен жастар арасында краудсорсинг әдісін қолдана отырып, АИТВ-ға тестілеуді арттыру үшін АИТВ стигмасын азайту мақсатында ұйымдастырылған, философия және саясаттану факультетінің “әлеуметтік жұмыс” мамандығының 1-3курс студенттері, “Әлеуметтану” 4 курс студенттерінің қатысуымен өткен “JasSpark” жобасын таныстырды.

     Негізгі идея - АИТВ стигмасын азайту және Қазақстан жастары үшін өз шешімімен тестілеу бойынша краудсорсингтік цифрлық интервенцияны дамыту. Оның тиімділігін бағалау үшін краудсорсингтік АИТВ араласуының пилоттық тестілеуін өткізу болды. Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушысы Авсыдыкова К.А. жетекшілігімен ұйымдастырылды. Вебинардың спикері - Толегенова Акбота ханыммен zoom платформасында тағылымға толы кездесу болды.

 

Басылым күні :  03.03.2022