Тәрбие сағаты: «Тәуелсіздік күніне 30 жыл»

13 желтоқсан күні Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының студенттерінің қатысуымен және доцент доцент м.а. Сарсенова Асель Берікқызының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік күніне 30 жыл» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты еліміздің 30 жыл тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру және әлем таныған ел екенін дәріптеу, сонымен қатар, студенттердің рухани – тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту. Бүгінгі тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегендігін жастарға ұғындыру мақсатында, тарихи мұрағаттарға шолу жасалынды. Қазіргі таңда Қазақстан – әлемдік аренадан өз орнын ойып алған, Азия мен Еуропаны мойындата білген рухы биік қайсар елдің мекені.

Басылым күні :  31.01.2022