Ашық оқу – танымдық сабақ: «Тәуелсіздік тарихына тағзым»

Желтоқсан айының 6 – шы жұлдызында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының 1 курс студенттері және аға оқытушы Сарыбаева Индира Сарыбайқызының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік тарихына тағзым» атты ашық тәрбие сағаты онлайн форматта өткізілді. Еліміздің егемендігі мен бостандығын дәріптеу және қаншама ата – бабаларымыздың ерен еңбегі мен жанұшыра жасаған ерліктеріне шолу жасалынды. Қайрат Рысқұлбековтың тарихта қалған жан тебірентер қара өлеңдері дәріптеліп оқылды. Студенттер тәуелсіздікке тағзым ете отырып, еліміз бен мемлектіміздің мәңгілік тәуелсіздік жолында аянбай еңбек ететіндіктерін жеткізді. 

Басылым күні :  31.01.2022