Кураторлық сағат: «Ардагерлерді аялайық, қарттарымызды құрметтейік»

2 желтоқсан күні Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушысы Омарова Асем Тұрдыбекқызының жетекшілігімен әлеуметтік жұмыс мамандығының 4 курс студенттерінің қатысуымен «Ардагерлерді аялайық, қарттарымызды құрметтейік» атты кураторлық тәрбие сағаты онлайн форматта өткізілді. Бұл іс – шараның мақсаты қазақ мәдениетінің идеологиясын жоғарылату. Студенттер бойынан үлкенді құрметтеу қасиетін дәріптеу мақсатында өткізілген іс – шара нәтижесі студенттер мен жетекшінің түйінді ойымен өз мәресіне жетті. Іс – шара барысында ашық және жабық сауалнамалар нәтижесімен бөлісіп, жағдаяттарды шешу тұрғысындағы жаттығулар орындалды. Қоғамдағы қарттарымыздың әлеуметтік – тұрмыстық мәселелері терең талқыланды және аталған мәселелерді шешу мақсатында жүзеге асырылу тиіс қолдау шараларына қатысты әр студент өз ойларын жеткізді. 

Басылым күні :  31.01.2022