Форум «Энергия нового поколения»

Қараша айының 30 жұлдызында әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Энергия нового поколения» атты форум жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында өткізілді. Форумның мақсаты: жастардың инновациялық идеяларын қолдау; әлеуметтік бастамаларға жол ашу; жастардың ғылыми жобалары мен бағдарламаларына қолдау көрсету. Форумға белсенді түрде қатысқан азаматтарға арнайы марапаттау сертификаттары берілді. Философия және саясаттану факультеті Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс мамандығының студенттері  форумға белсенді қатысып, арнайы сертификаттарға ие болды. 

Басылым күні :  31.01.2022