«Тәуелсіздің тартуы» атты тәрбиелік – танымдық ашық сабақ

30 қараша күні Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушысы Амитов Сұлтанқожа Абдуқадырұлының және оқытушы Орымбетов Аблай Ержанұлының жетекшілігімен 3 курс әлеуметтік жұмыс мамандығының студенттерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне сәйкес «Тәуелсіздік тартуы» іс – шара өткізілді. Іс – шара барысында студенттердің патриоттық сезімі оянып, тәуелсіздік жолында ерлік көрсеткен бабалар рухына тағзым етілді. Студенттер жүректен шыққан ән-күйлерін орындап, патриоттық тақырыбында ұйымдастырған бейнероликтерін тарту етті. Кеш соңында студенттер болашақтың тірегі ел жастары екендігін алға тарта отырып, «Тәуелсіздігіміздің тұғыры әрдайым биік болғай» деп жылы лебіздерін жеткізді.

Басылым күні :  31.01.2022