Қонақпен кездесу:«Нашақорлық – қоғам дерті»

«Рухани жаңғыру» жобасының аясында 25 қараша күні Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедарасының оқытушысы Болат Жансая Болатқызының ұйымдастыруымен 1 курс әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс мамандығының студенттерінің қатысуымен және Алматы қаласы Бауыржан Момышулы атындағы республикалық әскери «Жас Ұлан» мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Рахматулла Жамиля Саттар қызының қатысуымен «Нашақорлық – қоғам дерті» тақырыбында кездесу өткізілді. Маман тікелей жасөспірімдермен жұмыс жасайтын болғандықтан, ер балаларды осындай жат қылықтардан сақтандыру мақсатында жүргізілетін кеңес беру және сақтандыру шараларының кешенімен таныстырды. Сонымен қатар, қазіргі таңда жастар арасында кезедесетін өзекті мәселелер жан – жақты талқыланды. Тақырыпқа қатысты еліміз бойынша статистикалық ақпараттар келтірілді және аталған мәселенің алдын алу мен жою шараларын жиі ұйымдастырудың маңыздылығы ұсынылды.

Басылым күні :  31.01.2022