Тәрбиелік іс – шара: «Тәуелсіздік – ел еркіндігі»

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай 10 қараша күні Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушылары Авсыдықова Құралай Әділжанқызы және Сұлтанова Ақмарал Мұқтарқызының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік тұғыры – еліміздің еркіндігі» атты іс – шара әлеуметтану мамандығының 4 курс студенттерінің қатысуымен өткізілді. Тәуелсіздіктің жетістігін бағамдау мақсатында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты туындысының мазмұны талқыланды. Еліміздің тәуелсіздігін алу жолында ұлтжанды азаматтардың ерен ерлігі мен батыл қадамдары жас ұрпаққа өшпес өнеге болып табылады. Әрбір азамат бүгінгі күннің қадірі мен ертеңгі күннің құнды кезең екенін сезінуі қажет және жауапкершілікпен қарауы тиіс. Іс – шара барысында студенттер тәуелсіз елдің бақытты ұрпақтары ретінде, ел мен отанға деген ұлы махаббаты мен ыстық ықыластарын және көк аспанда тұғырлы тәуелсіздіктің көк туы мәңгі желбіреуі жолында әрқашан қызмет ететіндіктерін жеткізді.

Басылым күні :  31.01.2022