Кураторлық сағат: «Ұлы даланың ұлық тұлғасы»

29 қазан күні әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушысы Авсыдықова Құралай Әділжанқызының жетекшілігімен әлеуметтану мамандығының 4 курс студенттерімен «Ұлы даланың ұлық тұлғасы» атты Әбу Насыр әл – Фарабидің тағылымды ғұмыры мен шығармашылығын жаңғырту мақсатында онлайн форматта кураторлық тәрбие сағаты өткізілді. Шара барысында студенттер ұлы ойшылдың айшықты еңбектеріне шолу жасап, ұлы ғұламаның өмірі мен шығармашылығын дәріптеді. Ғалымның өмір құндылығы мен тәрбие тақырыбында қалдырған өсиет сөздері мен тағылымдары талқыланды.

Басылым күні :  31.01.2022