«Жастар кәсіпкерлігі» курсы

2021 жылдың 28 қазанында «Жастар кәсіпкерлігі» курсының тұсаукесері өтті. «Жастар кәсіпкерлігі» курсы студенттерге негізгі және кәсіби кәсіпкерлік құзыреттіліктерді үйретуге бағытталған. Жастар кәсіпкерлігі бағдарламасының тұжырымдамасы Aqile әдісін қолданатын интерактивті оқыту процесі болып табылады. Бағдарлама тек теориялық материалдарды ғана емес, сонымен қатар оның тәжірибелік дамуын қамтиды, оқыту нәтижесінде толыққанды жеке бизнес моделі және болашақ өнімнің прототипі қалыптасады. Курсты аяқтағаннан кейін студенттер кешенді тапсырмалар, алынған дағдылар мен бастапқы тәжірибе, сондай ақ кәсіпкерлік қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеке қасиеттерге негізделген кәсіби мәселелер кешенін шеше алады. Іс – шараға әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс мамандығының студенттері белсенді түрде қатысты. Тренинг барысында белсенді қатысушыларға арналған тегін курстар ұтыс ойыны ойнатылып, жеңімпаздар анықталды.

Басылым күні :  31.01.2022