Студенттермен кездесу. «Тәрбие сағаты рухани – мәдени құндылық»

23 қазан күні әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушылары Сұлтанова Ақмарал Мұхтарқызы және Сарсенова Асель Берікқызының ұйымдастыруымен №9 студенттер үйінде «Тәрбие сағаты рухани – мәдени құндылық» атты танымдық – тәрбиелік пікір алмасу өткізілді. Кеш барысында студенттік шақта бос уақытты дұрыс ұйымдастыру мен жеке жоспар құру арқылы сәтті күнді жасаудың техникалары сарапқа салынды. Әр сәтті ұтымды пайдаланудың формасы ретінде тәрбие сағаттарын көптеп өткізудің маңыздылығы терең талқыланды. Студенттер кеш барысында бос уақытты ұйымдастыру тәжірибесі мен жоспарлары туралы өз ойларын ортаға салды.

Басылым күні :  31.01.2022