Студенттермен кездесу: «Патриоттық тәрбие – ұлт болашағының кепілі».

Қазанның 21 жұлдызында Философия және саясаттану факультетінің деканының оқу – әдістемелік және тәрбие жөніндегі орынбасары Өмірбекова Алия Өмірбекқызы және әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының оқытушылары Мырзабаев Сабит, Орымбетов Аблай, Болат Жансаяның ұйымдастыруымен №9 жатақханада студенттермен кездесу ұйымдастырылды. Кеш барысында тұлға бойында патриоттық тәрбие мен жауапкерішілік сезімді қалыптастыру мен дамытудың маңыздылығы түсіндірілді. Студенттерге отан мен отбасы және білім алып отырған оқу орындарына жоғарғы құрмет және жауапкершілікпен қарауы, бұл ұлт пен мемлекеттің болашағы үшін өте маңызды құндылық екендігі дәріптелді. Кездесу барысында студентердің оқу процесі мен қауіпсіздік шаралары жөніндегі сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік туды. Оқытушылар студенттердің жатақханадағы тыныс тіршілігімен танысып, жатақхана аумағында шешімін таппай тұрған мәселелерге назар аударды.

Басылым күні :  31.01.2022