Ашық оқу – танымдық сабақ: «Тіл – ұлттық жаны»

«Рухани жаңғыру» жобасы аясында 14 қазан күні «Тіл – ұлттың жаны» атты  іс – шараны оқытушылар Сұлтанова Ақмарал Мұқтарқызы және Қалдыбек Сымбат Төлегенқызының жетекшілігімен және әлеуметтану мамандығының 4 курс студенттерінің қатысуымен ұйымдастырылды. Кеш барысында студенттер қазақ, орыс, ағылшын, итальян, жапон, иврит және т.б тілдерде өлең шумақтарынан үзінділер оқыды. Сондай – ақ Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «үш тұғырлы тіл» саясатының маңыздылығына баса назар аударылды. Қай ұлт болмасын, елдің асыл қазынасы тіл болып табылады. Тіл құдіреті мен қоғамда атқаратын функцияларына жан – жақты шолу жасалынды.

Басылым күні :  31.01.2022