Орталық – Азия семинары: «Әлеуметтік жұмыс саласындағы тәжірибелік зерттеулердің әлеуетін арттыру».

7 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы және Гонконг политехникалық университеті, Қолданбалы әлеуметтік ғылым кафедрасының ұйымдастыруымен «Әлеуметтік жұмыс саласындағы тәжірибелік зерттеулердің әлеуетін арттыру» атты орталық – Азия семинары онлайн форматта өткізілді. Шет елдік білікті оқытушылар мен профессорлардың әлеуметтік жұмыс саласындағы зерттеулерінің қазіргі таңдағы қорытындылары көрсетілді. Әлеуметтік жұмыс саласында жан – жақты зерттеліп отырған қоғамдағы түрлі мәселелерге шолу жасалынып, презентациялар ұсынылды. Білікті оқытушылар өзара пікір алмасып, әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында ұсыныстар мен жобалар ұсынды. Семинарға оқытушылар, студенттер және қызығушылық танытқан тұлғалар қатысты. Барлық тыңдаушыларға қатысуышының электрондық сертификаттары ұсынылды. 

Басылым күні :  31.01.2022