Кураторлық сағат: «Отбасы – өмір негізі»

13 – қыркүйек күні Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға кураторы Авсыдықова Құралай Әділжанқызының ұйымдастыруымен онлайн форматта «Отбасы күні» мерекесіне орай Әлеуметтік жұмыс мамандығының 4 курс студенттерімен «Отбасы – өмір негізі» атты кураторлық ашық – тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты – жастарға отбасының құндылығы мен маңыздылығын түсіндіру. Сабақ барысында қазіргі таңда қалыптасып отырған отбасының түрі мен типтері, сонымен қатар, атқаратын қызметі мен негізгі мәселелері терең талқыланды. Білім алушы студенттер болашақта әрбір отбасының иесі болып табылады. Сондықтан, жастар отбасы құру мен бала тәрбиелеу және отбасының бірлігі мен тұтастығын сақтаудың маңыздылығын терең түсінуі қажет. Аталған барлық мәселелер терең талқыланып, студенттер өз ойлары мен пікірлерін ортаға салды.

Басылым күні :  31.01.2022