«Шапшаң, биік әрі күшті!» атты спорт жарысы өтті

 

Сенбі күні, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорт кешенінде, механика кафедрасы меңгерушісінің орынбасары доцент Д.Е.Туралинаның ұйымдастыруымен  Механика кафедрасының 85 - жылдығына орай «Шапшаң, биік әрі күшті!» атты  спорттық іс-шара өткізілді.

Спорттық жарысқа  №6 жатақхана студенттері, Механика кафедрасының студенттері (барлығы  200-ге жуық), магистранттар, докторанттар, куратор-эдвайзерлер  Исмаилова А., Сағитжанов Б., Лязат Ж., доцент Тулепбергенов А.К., доцент Джамалов Н.К. және кафедра меңгерушісі профессор З.Б.Ракишева қатысты. Жарыс спорттың  алты түрінен (футбол, волейбол, теннис, тоғызқұмалақ, шахмат, арқан тартыс)   өтті. Жарысқа футболдан 3 команда, волейболдан  8 команда, тенниске 23 студент, шахматқа 8 студент, тоғызқұмалаққа 10 студент, арқан тартысқа  4 команда қатысты.

Механика кафедрасының 2 курс магистрант - практиканттары спорт жарысында төрешілік етіп, жарыстың тартысты өтуіне ат салысты.  

Жалпы дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі  Е.К. Дилмаханбетов  спорттық іс шараның өтуіне қажетті спорттық инвентарлармен қамтамасыз етіп, қолдау көрсетті.

Жарыс соңында механика кафедрасының меңгерушісі З. Б. Ракишева  салауатты өмір салтын қолдап жарысқа қатысқан студенттер мен ұйымдастыруға ат салысқан магистрант-практиканттарға, оқытушыларға алғысын білдірді. 

Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар мен Сертификаттар табысталды.

 

Туралина Динара Елеусизовна

Механика кафедрасы

01.11.2019


Басылым күні :  04.11.2019