МЕХАНИКА КАФЕДРАСЫНА КІТАПТАР СЫЙЛЫҚҚА ТАРТЫЛДЫ!

 

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және механика кафедрасының 85 жылдығы аясында ҚР ҰҒА академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор, ШАХБАЗ Әлімгерейұлы Ершин атындағы аудиторияның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Осы іс-шара аясында академик Шахбаз Әлімгерейұлының жары ф.-м.ғ.д., ҚазМемҚызПУ профессоры Айнакүл Қапасқызы Ершина әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті механика-математика факультетінің механика кафедрасына академик Ш.А. Ершиннің «Ш.А. Ершин. Гидроаэродинамика. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. - 354 бет» атты монографиясын сыйға тартты. Жалпы құны 61120 теңге, 10 дана.

Бұл көмек кітап қорын толықтыруға, университеттегі білім беру процесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі - кітаппен қамтамасыз етуді қолдауға бағытталған. Кітап сұйық және газ механикасын оқитын студенттерге арналған және гидроаэродинамика саласындағы мамандар үшін де пайдалы болары сөзсіз.

ҚазМемҚызПУ профессоры Айнакүл Қапасқызы Ершинаға механика кафедрасын кітаппен қамтамасыз етудегі өтеусіз көмегі үшін алғысымызды білдіреміз.

 

Басылым күні :  06.05.2022