Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің механика-математика факультетінің ұйымдастыруымен «ҚазМұнайГаз» АҚ ұлттық компаниясымен ынтымақтастық перспективалары туралы дөңгелек үстел өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің механика-математика факультетінің ұйымдастыруымен «ҚазМұнайГаз» АҚ ұлттық компаниясымен ынтымақтастық перспективалары туралы дөңгелек үстел өтті.

Әңгіме барысында келесі мәселелер қозғалды:

  • ·        "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ компаниялар тобының мұнай-газ кен орындарына тән неғұрлым проблемалық мәселелер тізбесіне сәйкес білім беру бағдарламалары шеңберінде ғылыми зерттеулер тақырыптарын бірлесіп әзірлеу;
  • ·        Мұнай-газ саласының өзекті өндірістік міндеттерін шешуге бағытталған білім беру бағдарламалары шеңберінде бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, оның ішінде геология, гидродинамика, кен орындарын әзірлеу және цифрландыру саласында инновациялық шешімдерді құру, тестілеу және іс жүзінде енгізу;
  • ·        ҚазҰУ-дың бакалавриат және магистратура бағдарламалары аясында курстық жұмыстарға және бітіру біліктілік жұмыстарына (дипломдық жұмыстар мен диссертацияларға) бірлесіп ғылыми жетекшілік ету.
  • ·        «KMG Engineering» ЖШС базасында ҚазҰУ студенттерінің өндірістік, дипломалды практикасын және магистранттар мен докторанттар үшін ғылыми-зерттеу практикасы мен ғылыми тағылымдама ұйымдастыру және өткізу.

Басылым күні :  28.02.2022