«ҚАЗАҚ ҒЫЛЫМЫНЫҢ АСҚАР ШЫҢЫ» атты Академик Өмірбек Жолдасбековтың 90 жылдығына арналған деректі бейнефильмінің көрсетілімі өтті

01.03.2021 Математика және механика бойынша мектеп оқушыларының ғылыми еңбектерінің XI Халықаралық байқауының ашылу салтанатында Академик Ө.А. Жолдасбековтың 90 жылдығына арналған «ҚАЗАҚ ҒЫЛЫМЫНЫҢ АСҚАР ШЫҢЫ» атты деректі фильмінің премьерасы болды.

Деректі фильмнің түсірілімін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің механика кафедрасы ұйымдастырды.

Идеяның авторы: профессор Жакебаев Д.Б.

Орыс және қазақ тілдеріндегі фильмнің мәтінін дайындаған механика кафедрасының профессор м.а. Жұмашева Ж.Т. және кафедраның жас оқытушылары, докторанттары

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің телерадиокешенімен бірге фото және видео түсіруді ұйымдастырған Жұмашева Ж.Т.

Бейнефильмге сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=g-xrWCzPdDE

Туралина Динара

Механика кафедрасы

Басылым күні :  24.05.2021