Педагогикалық практика аясында «Робототехникалық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысы түрінде ZOOM платформасында (бейнеконференция) тәрбие сабағы өткізілді

 

Педагогикалық практика аясында 2021 жылдың 27 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультеті механика кафедрасының "Робототехникалық жүйелер" білім беру бағдарламасы 1 курс докторанты Д.А. Догалаков ZOOM платформасында (бейнеконференция) Алматы қаласы, №131 Б. Момышұлы атындағы мектеп-лицейдің 10-11 сынып оқушылары арасында кәсіби бағдар беру жұмысы түрінде тәрбие сабағын өткізді.

Конференцияға қатысушылар университеттің ұйымдастырушылық құрылымымен, кафедраның кадрлық құрамымен және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуімен, студенттердің ғылыми қызметімен және студенттік өмірімен танысты.

Содан кейін "Робототехникалық жүйелер" білім беру бағдарламасы бойынша толық ақпарат ұсынылды: талапкер түскен кезде оны қалай таңдау керек, қолданыстағы зертханалар, механика кафедрасының ғылыми бағыттары мен білім беру жобалары туралы, қандай практика базалары бар екендігі туралы, "Робототехникалық жүйелер" білім беру бағдарламасы бойынша шетелдік серіктес ЖОО туралы.

Алматы қаласындағы "Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицей" басшылығы ұсынылған ақпаратқа ризашылығын білдіріп, болашақ түлектер мен талапкерлерді кәсіби бағдарлау мақсатында ынтымақтасуға дайын екендіктерін блдірді.

 

 

 

Механика кафедрасыТуралина Динара

Басылым күні :  12.05.2021