«Аса жоғары энергиялы бөлшектердің физикасы және астрофизикасы көршілес мәселелері» атты 5-Халықаралық жас физик ғалымдардың кезекті мектебі өз жұмысын бастады.

2018 жылдың 27 тамызы мен 1 қыркүйегі аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Аса жоғары энергиялы бөлшектердің физикасы және астрофизикасы көршілес мәселелері» атты 5-Халықаралық жас физик ғалымдардың кезекті мектебі өткізіледі. Ұйымдастырушылар — Ресей ғылым академиясының П.Н. Лебедев атындағы Физикалық институты (РҒА ҒАФИ), Тянь-Шань биік таулы станциясы (ТШБТС), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығы мемлекетаралық қорының (IFESCO) қолдауымен. Мектеп Қазақстан, Беларусия, Өзбекстан, Азербайжан, Тәжікстан, Ресей және Молдавияның физика бағытындағы жетекші академиялық және білім орталықтарынан құралатын жүзден аса жас ғалымдардың басын біріктірді.

 

Мектептің тақырыбы ғарыштық сәулелер физикасы мен аса жоғары энергиялы бөлшектер астрофизикасының ең қызықты мәселелерін талқылау ынтасымен таңдалынып алынды. Мектеп бағдарламасы дәрістер, тәжірибелік жаттығулар мен Мектеп тыңдаушыларының білімділігі мен біліктілігін арттыру мен жаңа ақпаратты ұғыну мақсатында мүмкіндік беретін еркін пікірталастардан тұрады.

 

Сонымен қатар жас ғалымдардың ғылыми, тәжірибелік бағдарламалар мен Қазақстан ынтымақтастық туралы қол қойған, ядролық зерттеулер бойынша (CERN, Женева) Еуропалық ұйымның жоғары технологиялы жобаларында қатысуға мүмкіндік беру мәселелері қарастыралады. Сөзсіз, мектеп жас ғалымдардың ірі халықаралық жобаларда қатысуына дайындық үшін, сондай-ақ жоғары дәрежелі ғылыми кадрларды дайындау барысында таптырмас платформа болып табылады.

 

Басылым күні :  28.08.2018