Халықаралық конференция "ЗАМАНАУИ ФИЗИКАНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ" (Абдильдин оқулары), Қазақ Физикалық Қоғамының Бас Ассамблеясы

Құрметті әріптестер,


Сіздерге 2018 жылдың 12-15 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде «Заманауи физиканың көкейкесті мәселелері» (Әбділдин оқулары) атты Халықаралық конференция өтетінін хабарлаймыз.

«Әбділдин оқулары» атты алғашқы халықаралық конференция 2013 жылы ұйымдастырылып, академик Мейірхан Әбділдиннің туғанына 75 жыл толуына арналды.

Биыл біз оның 80 жылдығын атап өтеміз. Болашақта Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы, Қазақстан физикалық қоғамы (ҚФҚ), Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және ЭТФҒЗИ әр екі-үш жылда Әбділдин оқуларын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Конференция тақырыбы теориялық физика, ядролық және бөлшектер физикасы, астрофизика және космология, жоғары энергиялар физикасы мен ғарыштық сәулелер, плазма физикасы, конденсирленген күй физикасы, жылу физикасы, биофизика, медициналық физика, физиканың әдістемелік және философиялық мәселелері, соның
ішінде қазіргі заманғы физиканың негізгі бағыттарын қамтиды.

Конференцияның негізгі мақсаты - физика бойынша өзекті тақырыптар бойынша зерттеулерді жоғары деңгейде жүргізу мақсатында Орталық Азия мен оның негізгі серіктес елдерінің белсенді зерттеушілері мен жас дарындары арасындағы жемісті ынтымақтастықты қамтамассыз ету.

 

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Төраға: Мұтанов Ғ.М.
Тең төрағалар: Жұрынов М.Ж., Қожамқұлов Т.А.
Бас хатшылар: Белисарова Ф.Б., Жауғашева С.А.
Ұйымдастыру комитетінің мүшелері: Әбділдин Ж.М., Байғарин К.А., Омаров Ш.T., Батырбеков Э.Г., Сқақов М.Қ. Рамазанов Т.С., Ғабдуллин М.Т., Көмеков С.Е., Сахиев С.Қ., Бибосынов А.Ж., Сомсиков В.М., Садықов T.Х., Көкетаев Т.А., Арынғазин А.Қ., Өтеғұлов Ж., Мырзақұлов Р.Қ., Буртебаев Н.Т., Такибаев Н.Ж., Десятников А., Тихонов А., Әлиев Б.А., Косов Н.Д., Чечин Л.М., Давлетов А.Е., Әбішев M.E., Владимиров Ю.С. (Ресей), Денисов В.И. (Ресей), Иващук В.Д. (Ресей), Ахмедов Б.Д. (Өзбекстан), Джунушалиев В.Д. (Қырғызстан), Кеведо Э. (Мексика), Руффини Р. (Италия), Пирагас К.А. (Литва), Йонг Мин Чо (Корея), Като К. (Жапония).

 

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ КОМИТЕТ

Төраға: Рамазанов Т.С.
Төрағаның орынбасарлары: Әбішев М.Е., Лаврищев О.А., Муратов М.М.
Комитет мүшелері: Асқарова А.С., Архипов Ю.В., Бөлегенова С.А., Буркова Н.А., Дробышев А.С., Жаңабаев З.Ж., Жүсіпов М.Ә., Ибраимов М.У., Нұрбақова Г.С., Алдияров А., Айтқожаев А.Г., Бейсен Н.А., Бекбаев А.К., Бришева Ж.Н., Джумагулова К.Н., Имамбеков О.И., Комаров А.А., Иманбаева А. К., Тоқтарбай С., Садуев Н.О., Юшков А.В.
Хатшылар: Абылаева А., Талхат А., Оразымбет А.

 

Конференцияның өткізілетін орны мен негізгі шаралар

 
Конференцияның ашылуы және пленарлық баяндамалар 12 сәуірде сағат 10-00-де Академик М.М. Әбділдин дәріс залында өтеді.
Мекен-жайы: әл-Фараби даңғылы, 71,
ҚазҰУ, Физика-техникалық факультет.

Мемориалдық тақтаның ашылуы М.М. Әбділдин өмір сүрген үйде 12-30-да өтеді. Мекен-жайы: З. Шашкина 36 а.

2018 жылғы 12 сәуірде сағат 16:00 физика-техникалық факультетінің мәжіліс залында (330 ауд.) «Қазақстандық физикалық қоғам» жалпы жиналысы өтеді. Барлық мүдделі тараптар шақырылады.

Мекен-жайы: 050040, Қазақстан, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ. 71, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Физика-техникалық факультеті, Телефондар: жұмыс. +7 727 3773414, ұялы +7 707 3970921,  Факс: +7 727 3773400,   E-mail: abishevme@gmail.com.


Қосымша ақпарат әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың веб-парақшасында және кейінгі хабарландыруларда беріледі. Сұрақтарыңыз болса, конференция хатшыларына хабарласыңыздар.

Басылым күні :  08.03.2018