Республикалық студенттік олимпиада (Философия)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ КАФЕДРАСЫ

Ақпараттық хат

Құрметті әріптестер!

«Философия» мамандығы бойынша мамандар дайындаушы республикалық жетекші жоғары оқу орындары мен жоғары білім беру философиясының өзекті мәселелеріне қызығушылық танытатын жоғары оқу орындары арасындағы іскерлік және кәсіби байланыстарды нығайту мақсатында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия кафедрасы 2015 жылдың 26 наурызында философия бойынша Республикалық пәндік олимпиада өткізеді.

Олимпиаданы өткізу екі бағытта жүзеге асырылады:

«Философия» мамандығының студенттері және философия пәнін оқитын гуманитарлық және техникалық мамандықтың студенттеріне арналған. Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі.

Сайыстардың мазмұны студенттердің білімін, теоретикалық және практикалық тұрғыда философиялық мәселелерге деген шығармашылық деңгейлерін айқындауға бағытталған.

Олимпиадаға 2-4 курс студенттері шақырылады. Қаржыландыру – жіберуші жақтың есебінен. Ақпараттық хатпен бірге пәндік Олимпиаданың тапсырмалары жіберіліп отыр.

Өтініш келесі формада жіберілуі тиіс: қатысушылардың аты-жөні, курсы, мамандығы, команда жетекшісінің аты-жөні, лауазымы. Өтініш 2015 жылдың 20 наурызына дейін қабылданады.

Өтініш мына мекен-жай бойыша қабылданады:

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050012, Масанчи көшесі 39/47, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Философия және саясаттану факультеті, 413 кабинет, философия кафедрасы. Байланыс: (8-7272) 92-57-17 (ішкі 21-29); 8-701-398-29-21; философия кафедрасының СҒЗЖ жетекшісі, филос.ғ.к. Нығметова Әлия Темірланқызы.

2015 жылғы философия бойынша Пәндік олимпиаданың тапсырмалары

1.Бірінші тур: «Таныстыру»

Командалық жұмыс – командалық сынақ

Командалар өздерінің аты мен девиздерін таныстырып, өз командасының ғылыми басымдықтарын көрсетеді.

1. Уақыт 10 мин. кем болмауы керек.

2.Екінші тур: Үй тапсырмасы: «Қазіргі заманғы өзекті философиялық мәселелер»

Командалық жұмыс – командалық сынақ

1. Уақыт 15 мин. кем болмауы керек.

3. Командаларға аудио және видео материалдар қолдануға болады, сондай-ақ, өз таңдаулары бойынша презентация форматын таңдайды (шығармашылық, академиялық, сахналық және т.б.).

3. Үшінші тур «Философия брендингі»

Шығармашылық сайыс музыка, костюм, театрландырылған қойылымдармен безендіріледі.

Командалық жұмыс – практикалық сайыс – командалық сынақ

4.Төртінші тур «Эрудит»

Индивидуалды жұмыс – жеке сынақ

«Эрудит» конкурсында мына тақырыптар бойынша 2 сұрақ таңдап алынады:

1. Антика және Орта ғасыр философиясының ұлы ойшылдары.

2. Белгілі отандық философтардың портреттері.

3. Қазіргі заман философиясы мен классикалық философия тарихы.

5. Бесінші тур Команда капитандарының сайысы

Ұйымдастыру комитеті