2016 жылы қаңтардың 12-13 жұлдыздарында механика-математика факультетінің ұйымдастыруымен жыл сайын өткізілетін «Жас оқытушылар мектебінің» семинары өткізілді

2016 жылы қаңтардың 12-13 жұлдыздарында механика-математика факультетінің ұйымдастыруымен жыл сайын өткізілетін «Жас оқытушылар мектебінің» семинары өткізілді. Семинарды факультет деканы, ф.-м.ғ.д., профессор М.А. Бектемесов салтанатты түрде ашты. Семинарға университеттің әдістемелік бөлімінің жоғары категориялы маманы Омарбекова Жұмагүл Қадыровна қатысты.

Семинарда Қазақстанға белгілі ғалымдар мен факультеттің белсенді оқытушылары баяндамалар жасады. Сонымен қатар, факультет басшысының шақыртуымен педагогика ғылымдарының кандидаты Педагогикалық шеберлік орталығының қызметкері Берікханова Айман Еженхановна келіп жас оқытушыларға педагогикалық бағытта әр түрлі қызықты ойындар мен тренинг өткізді. Семинарға қатысқан оқытушылар осы семинардан алған тәлім-тәжірибелері өздерінің сабақ өту барысында үлкен көмегін тигізетінін айтып, баяндамашыларға үлкен алғыстарын білдірді.

Семинарды ұйымдастыруда факультет басшылары, кафедра меңгерушілері мен әдістемелік бюро мүшелері бір кісідей ат салысты.


     
       
       
     

Басылым күні :  14.01.2016