"Әл-Фараби" олимпиадасы

2015 жылдың 7 ақпанында жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының оқытушылары кезекті кәсіптік бағдар беру шарасын Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жандосов ауылының О. Жандосов атындағы орта мектебінде өткізді.

Шара барысында «Әл-Фараби олимпиадасы» жайында кеңірек айтылып, қызығушылық танытқан 11 сынып оқушыларын байқауға тіркеп қайтты.

Шара ұйымдастырушылары: кафедра меңгерушісі, профессор Г.Б. Мәдиева, аға оқыт. С.С. Никамбаева, филол.ғ.к., доценттер П.Т. Медетбекова, Ж.М. Уматова; оқытушы, PhD докторанты Г.Е. Борибаева және А.Аушенова, сонымен қатар 2 курс магистранттары: Ұ. Парманова мен А. Арсланбаев.

Медетбекова П.Т., Борибаева Г.А

Басылым күні :  10.03.2015