«Наурыз – бірлік, ынтымақтастық бастамасы» атты республикалық мерекелік шара

2015 жылдың 29 сәуірінде «Мұрагерлер» еріктілер қозғалысының мүшелері Алматы қаласындағы мамандандырылған «Жанұя» кешенінде «Айналаңды нұрландыр» бағдарламасымен «Қазақ хандығының 550 жылдығы және Наурыз мерекесіне» арналған «Наурыз – бірлік, ынтымақтастық бастамасы» атты республикалық мерекелік шарасы жоғары дәрежеде өтті. Бұл шараға еріктілер қозғалысының студенттері мен кешеннің балалары атсалысып бар өнерлерін көрсетсе, қонақтар өзге интернат, балалар үйі, т.б. білім басқармасынан және танымал бизнесмен, яғни демеушілер мен танымал әртістердің қатысуымен өтті.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 к. Аманбай Қадірдің жүргізуімен өткен шараға еріктілер қозғалысының бір топ (Д. Кеңесбай, З. Жаңбыр, Б. Жолшиев, М. Мұхаметкерім, А. Алиев, С. Есенгелдиев, Д. Жылқыбаев, Н. Омарбек, т.б.) студенттері керемет өнерлерін көрсетті. Тақырып бойынша Акт залында алдымен қазақ хандығындағы наурыз мерекесінің тойлануына керемет шолу жасай отырып, көрініс басталып, артынан ханның ұлының дүниеге келуі, наурыз мейрамының тойлануына ұласып, далада құрылған киіз үйлердегі қойылымдармен жалғасты.

Ұйымдастырушылар: «Мұрагерлер» еріктілер қозғалысының мүше-студенттері мен жетекшілері: филол.ғ.д., проф. Г.Б. Мәдиева мен филол.ғ.к., доц. П.Т. Медетбекова және зертхана операторы А.С. Аушенова

Басылым күні :  04.06.2015