Жеңістің 70 жылдығы құрметіне арналған іс-шара
Қос мереке – Қорғаушылар және Жеңіс күндері қарсаңында дәстүр бойынша соғыс ардагерлерін, қарттарды студенттермен қауыштыру әдетке айналған. Биылғы кездесу 30 сәуір күні ҚазҰУ-дың «Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында Жеңістің 70 жылдығы құрметіне арналған филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының 2-3 курс студенттері ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы қалалық қарттар үйінде болды. Қарт ардагерлердің «төрт жылдай фашистермен соғысып сұрапыл соғыстан тірі оралғаным, 85-тен асқанша жұмыс істегенім аңыз ғой,»-, деп баяндағаны патриоттық сезімді оятты.
Ұйымдастырушылар: С.А. Сулейманова, Г.Н.Искакова,
Н.А. Утемгалиева, А.Т. Алиакбарова.
Басылым күні : 27.05.2015