Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шара

2014 жылдың 3-ші желтоқсанында  16.00 сағ. филология, әдебиеттану және әлем тілдер факультетінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік желі ызғарлы» атты кеш өтті. Кеш заң, экономика және тарих, археология және этнология факультеттерінің студенттерінің қатысуымен өтті. Студенттер «Халық Қаһарманы» Қ. Рысқұлбековке арналған театрландырылған көрініс көрсетті,  өз шығармашылықтарынан және қазақ ақындарының өлеңдерін оқыды, сонымен қатар Отан туралы әндер шырқалып, қабырға газеті, презентациялар дайындалды. Кештің қонақтары кафедра меңгерушісі Қ. Айсұлтанова және факультет оқытушылары болды. Кешті гуманитарлық факультеттерге арналған шет тілдер кафедрасы ұйымдастырды.

    

Басылым күні :  13.03.2015