Нұрғали Рымғали

Заманымыздың тау тұлғаларын ұмытпауды дәріптейтін дара басылым «Өнегелі өмір».
Өскелең ұрпаққа өнегелі жол нұсқайтын дара басылым «Өнегелі өмір» сериясының кезекті 61-шығарылымы танымал мемлекет және қоғам қайраткері, аса көрнекті әдебиеттанушы, ғалым, ҚР ҰҒА академигі Нұрғали Рымғали Нұрғалиұлына арналады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультеті 30.12.2015 жылы Аса көрнекті әдебиеттанушы, ғалым, белгілі қоғам қайраткері, ҚР ҰҒА академигі Рымғали Нұрғалидың Өнегелі өмір "Рымғали Нұрғали" атты кітаптың тұсаукесерін өткізді.

Басылым күні :  06.01.2016