Қазақстанда және шетелде білім беру

Клуб жетекшілері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология факультеті, шет тілдер кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Адилбаева У. Б және кафедраның аға оқытушысы Гайипова Г. А 2021 жылдың 10 мамырында ZOOM платформасында “English talking club” клубының кезектегі кездесуін ұйымдастырды. Тақырыбы: «Қазақстандағы және шет елдердегі білім беру жүйесі». Бұл кездесуге клуб жетекшілері және инстаграмға тіркелген клубтың тұрақты мүшелері, олар ҚазҰУ студенттері, ҚазҰПУы АТ мамандағы 1 курс студенттері және Кыргыз-Түрік Манас университеті және ҚазҰУдағы Ауғаныстандық студенттер қатысты. Бұл бірнішіден соңғы клубтық тақырыбымыз, екіншіден барлық біздің клубтағы тіркелген студенттерге қатысты тақырып болған соң қатысушылар саны қөп болды. Әр елден қатысып отырған студенттер (Қазақстан, Кыргызстан және Ауғаныстан) өз еліндегі білім беру жүйесі туралы презентациялар көрсетіп, ары қарай талқыға жалғасты. Қатысушылар ақпараттық технологиялар, кешенді бай кітапхана, біліктілігі жоғары ұстаздар, жақсы әдістеме – барлығы дерлік білім беру жүйесін қалыптастыратын бірегей нәрселер екенін атап көрсетіп, түлектер тапсырған халықаралық емтихандар және басқа да ақпараттар, сонымен қатар, білім берудегі «үздік» университеттер туралы айтты.

Пікірлер көп болды, себебі тақырып барлық студенттерді қызықтырды, талқылау өте қызықты болды. Клуб басшылары студенттерге пікірталасқа белсенді қатысқандары үшін алғыс айтып, талқылауды аяқтады.

 

Басылым күні :  13.05.2021